Орталық Азия елдері Ораза мен Құрбан айтты бір күнге белгілеуге келісті

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Мүфтилер осы бағыттарда бірлесе қызмет етуге уағдаласты.

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады. Бұл жайында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның жазуынша, меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Османхан қажы Алимов, Қырғызстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мақсатбек қажы Тоқтамысов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзода қатысты.

«Қабылданған құжатта Орталық Азияда діни мерекелерді (Ораза, Құрбан айт) бір күнге белгілеу, ортаазиялық діни мектепті жаңғырту, ортақ салттар мен дәстүрлі жоралғыларды дамыту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тарихи ортақ нысандарға зиярат жасау, діни кітаптарды аудару және басқа да бағыттар бойынша ықпалдасып қызмет ету көзделген. Мүфтилер осы бағыттарда бірлесе қызмет етуге уағдаласты», -деп жазады Ағабек Қонарбайұлы.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз