Түркістан: сайрам ауданында 60 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Самат Мырзалиев Самат Мырзалиев
Аудан орталығы Ақсукентте 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында екі көшеден жалпы 6 көше, Қарамұрт елді мекенінде 3, Жібек жолыда 2 көше жөнделуде.

Түркістан облысы Сайрам ауданында ағымдағы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, аудан орталығы Ақсукентте 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында екі көшеден жалпы 6 көше, Қарамұрт елді мекенінде 3, Жібек жолыда 2 көше жөнделуде.

Қазіргі таңда, Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары облыстық коммуналдық меншіктен аудан қарамағына қабылданып, аталған жолдарға құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ауыл әкімдіктері есебінен қаралған 155,5 мың теңгеге Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарында ұзақтығы 13,5 шақырым болатын 21 көше орташа жөндеуден өткізілді.

Бұдан өзге, аудан көлеміндегі апатты жағдайдағы 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы толық пайдалануға берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз