Түркістан облысында екі жылда алты АГТС салынды
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған маңызды нысанға өңір басшысы Дархан Сатыбалды арнайы барып, АГТС-тың жай-күйімен танысты. Тұрғындарды құттықтады.
"Өңірде елдімекендерді газбен қамту жұмысы жалғасады. Газ тарату станциялары салынып, аймақтың инфрақұрылымы жақсара түсті. Бұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі", – деген облыс әкімі тұрғындармен жүздесіп, пікір алмасты.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне газдандыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде атқаруды тапсырды.
"Мақтаарал" автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы ауданды газбен қамту көрсеткіші жақсара түскен. Жалпы бүгінде аудан халқының 75,6%-ы газбен қамтылған. Тұрғындарды 100% қамту үшін қосымша автоматтандырылған газ тарту станциясы салынып, 19 елдімекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін 2024 жылға 4,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Тағы 4 елдімекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, қаржы бөлуге ұсынылған.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, елдімекендерді газбен қамту жұмыстары бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында келеді. Екі жылда 187 мың тұрғын, 90 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды.

