Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында тағы бір ауыл таратылады

Түркістан облысында тағы бір ауыл таратылады Сурет: primeminister.kz
Түркістан облысының әкімдігі мәслихатпен бірлесіп, "Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Нұра елді мекенін тарату туралы" қаулы дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округіндегі Нұра елді мекені таратылып, статистикалық деректер базасынан шығарылсын", - делінген құжатта.

Бұл шешім Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстарын ескере отырып қабылданған.

Wikipedia мәліметтері бойынша 1999 жылы халық саны 288 (116 ер және 172 әйел) болған. 2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда небәрі 160 адам (83 ер адам және 77 әйел) тұрған.

Бұған дейін Түркістан облысы Созақ ауданы, Жуантөбе ауылдық округіне қарасты Қақпансор ауылын адам саны аз болуына байланысты тарату туралы әкімдіктің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі дайындалған еді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында еліміздегі 2,8 мыңға жуық ауылдық елді мекендер қолдау шараларымен қамтылмаған. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, мұндай бірқатар ауыл адам санының аздығынан мемлекет қолдауынсыз қалды. Онда қандай да бір жұмысты атқару бюджетке қымбатқа түседі және мағынасыз. Сондықтан адамдарды мұндай ауылдардан көшіру туралы шешім қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз