Түркістанда өзінің дизайн-коды пайда болады

Туркестан, город Туркестан, мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 16:32 Фото: akorda.kz
Қала әкімдігі Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы қаулы дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Түркістан қаласының аумағында бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру мақсатында дизайн-кодты бекітуге бағытталған.

Жобада ғимараттардың қасбеттерін безендіру, сыртқы жарнама обьектілерін орналастыру, абаттандыру элементтері мен шағын сәулет нысандарына қойылатын талаптар айқындалады.

онымен қатар, тарихи-мәдени ерекшеліктерді сақтау, қаланың туристік тартымдылығын арттыру және заманауи урбанистикалық талаптарға сәйкес орта қалыптастыру көзделеді.

Әкімдік жоба арқылы Түркістан қаласының сәулеттік келбетін жүйелеу, қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық сапасын арттыру және қала аумағында дизайн-код талаптарының бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету күтілетіндігін атап өтті.

Жобаны іске асыру 2026 жылдың II-жартыжылдығынан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Нәтижесінде қала инфрақұрылымының тартымдылығы артып, тұрғындар мен туристер үшін қолайлы орта қалыптасады.

Құжат 9 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: