"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
Синоптиктердің мәліметінше, батыс, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы күтіледі.
Ал, еліміздің солтүстігінде, қиыр шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады деп болжанады.
"Жекелеген аймақтарда бұршақ түсіп, қатты жел тұрады, желдің күшейе түсуі де мүмкін, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Таулы аймақтарда және солтүстікте түнде және таңертең тұман болады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Солтүстік және шығыс облыстардағы температуралық фонға келетін болсақ, ол кейбір елдімекендерде сынап бағаны нөлден де төмен түсіп, 2, 4 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.
Сондай-ақ, синоптиктер ыстық, құрғақ және желді ауа райына байланысты еліміздің бірқатар аймақтарында жоғары және төтенше өрт қаупі туындауы мүмкін екенін де еске салады.
Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары еліміздегі үш ірі қала бойынша 2026 жылғы 23, 24 және 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.