Астанада үсік жүріп, Алматыда жаңбыр жауады, Шымкентте +27°С-қа дейін ыстық күтіледі

Астанада үсік жүріп, Алматыда жаңбыр жауады, Шымкентте +27°С-қа дейін ыстық күтіледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 16:19 Сурет: pixabay
Қазгидромет мамандары 2026 жылғы 23, 24 және 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Астанада қайтадан үсік жүреді, Алматыда нөсер жаңбыр жауады, ал Шымкентте күн 27 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласындағы ауа райы

  • 23 мамыр: Ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с соғады. Түнде ауа температурасы +3…+5°С, топырақ бетінде -1°С үсік болуы мүмкін. Күндіз +21…+23°С болады.
  • 24 мамыр: Ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с соғады. Түнде +11…+13°С, күндіз +23…+25°С.
  • 25 мамыр: Ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде +11…+13°С, күндіз +26…+28°С дейін жылиды.

Алматы қаласындағы ауа райы

  • 23 мамыр: Ауа райы құбылмалы болады. Түнде жаңбыр жауып, кей уақытта қатты нөсер мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +16…+18°С.
  • 24 мамыр: Ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +20…+22°С.
  • 25 мамыр: Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз өтеді. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +10…+12°С, күндіз +21…+23°С.

Шымкент қаласындағы ауа райы

  • 23 мамыр: Ауа райы құбылмалы. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұруы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде +14…+16°С, күндіз +25…+27°С.
  • 24 мамыр: Ауа райы құбылмалы. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.
  • 25 мамыр: Ауа райы құбылмалы. Күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с.Түнде +14…+16°С, күндіз +24…+26°С болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы ауа райы туралы жаңа болжам жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: