Қазақстанда ауа райы күрт суытады: температура -3°С-қа дейін төмендеуі мүмкін
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 21–23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағында қайтадан суық ауа райы орнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың айтуынша, қысқа мерзімді жылынудан кейін ел аумағына кезекті суық антициклон жылжып келеді.
"Жоғары жылдамдықпен қозғалатын және суық ауа массаларымен қоректенетін антициклон алдымен Қазақстанның солтүстік өңірлеріне, кейін шығыс және орталық аймақтарына әсер етеді. Соның салдарынан ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. 22 мамырда солтүстікте, 23 мамырда шығыс пен орталық өңірлерде түнгі температура 0...+5°С-қа дейін төмендейді, ал кейбір аудандарда -3°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10...+15°С шамасында болады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың маусым айында Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын жариялаған еді. Сонымен қатар Қазақстандағы 2026 жылғы жаз маусымына қатысты болжаммен де танысуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript