Циклонның ықпалы: Қазақстанда ауа райы күрт суытады

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, метель, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 15:01 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 16, 17 және 18 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, ел аумағында жауын-шашын түсіп, боран соғып, көктайғақ күтіледі.

"Кең ауқымды циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтайды. Осыған байланысты қар мен боран жалғасады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда боран соғады. Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетіп, кей уақыттарда 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ауа температурасы да төмендейді деп күтіледі:

  • елдің батыс өңірлерінде түнде ауа температурасы -10…-18°С-тан -3…-13°С-қа дейін, күндіз 0…-15°С-тан -3…+5°С-қа дейін өзгереді;
  • солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -7…-15°С-тан -12…-28°С-қа дейін төмендеп, күндіз -5…-15°С-тан -8…-18°С-қа дейін суытады;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -3…-11°С-тан -5…-20°С-қа дейін, күндіз -5…+2°С-тан -1…-13°С-қа дейін төмендейді.

Бұған дейін Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылғы 15 желтоқсанда күтілетін қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: