Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Сурет: pixabay
Болжамға сәйкес, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Тек солтүстік пен шығыста антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының батысында 1–2 градус үсік күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.