Қар мен боран: синоптиктер сенбі күнге арналған ауа райын болжамын ұсынды

Уборка снега, снегоуборочная техника, снегоуборочная машина, снегоуборочные машины, коммунальные службы, коммунальная служба, работники коммунальной службы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2026 14:33 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Қазгидромет" 2026 жылғы 3 қаңтарға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, сенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

"Республиканың көп бөлігі циклонның және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Соның салдарынан қар, боран, ал елдің оңтүстігінде жауын-шашын жауады", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.

Елдің оңтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

Бұған дейін 2026 жылдың 2 қаңтарында еліміздің бес қаласында ауа сапасының нашарлауы күтілетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: