"Қар жауып, боран соғады". Синоптиктер 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қар, боран, 2 қаңтар, ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2026 15:53 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылдың 2 қаңтарына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады.

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуымен байланысты қар жауып, боран соғады, күндіз солтүстік-батыста қалың қар түседі, еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Тек еліміздің орталығында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға тұман, көктайғақ, желдің екпін алуы жатады.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 2026 жылдың 1, 2 және 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамымен мына арадан таныса аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: