"Қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қар, жаяу бұрқасын, 25 қаңтар, ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2026 15:46 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылдың 25 қаңтарына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбіде республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты қар жауады, ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі, делінген "Қазгидромет" болжамында.

Республика бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыстарға тұман, көктайғақ, желдің екпін алуы жатқызылады.

Атап айтқанда, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта жаяу бұрқасын жүреді, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста желдің күшеейеді деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда қаңтар айының соңына дейін аязды күндер сақталатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: