"Аяз қайта күшіне мінеді". Еліміз бойынша 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылдың 11 қаңтарына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады деп күтіледі.
"Батыс циклоны және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде боран, көктайғақ болып, қар жауады, күндізгі уақытта күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) келеді деп болжанады". "Қазгидромет" РМК
Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылысқа тұман түсуі, желдің екпін алуы жатқызылады.
Бұған бейін синоптиктер бүгін, 10 қаңтарда еліміздің жеті қаласында ауа сапасының нашарлайтынын ескерткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript