Алматыда қар мен аяз қаңтардың соңына дейін сақталады
Сурет: pixabay
Бас инженер-синоптик Светлана Аманқұлованың айтуынша, сенбіге қараған түні қалада өтіп бара жатқан атмосфералық фронттың әсерінен аздаған қар жауады. Жалпы алғанда, демалыс күндері мен келесі аптаның басында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Осы күндері ауа температурасы біршама жоғарылайды: түнде –8-10°С-тан –5-7°С-қа дейін, күндіз –2-4°С-тан 0…+2°С-қа дейін.
"Сейсенбі күні Алматы облысының аумағына оңтүстік циклон ығысады. Алдымен ол аралас жауын-шашын — жаңбырдың қарға ұласуын әкеледі, ал сәрсенбі мен бейсенбі күндері қар жауады. Жұма күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде –5–7°С-тан –10–12°С-қа дейін, күндіз 0…+2°С-тан –5–7°С-қа дейін төмендейді", – делінген "Қазгидромет" РМК мәліметінде.
Апта бойы қалада ылғалды ауа сақталады, соның салдарынан тұман мен көктайғақ қалыптасады.
"Түнгі уақытта бұл құбылыстар күшейіп, күндіз әлсірейді", – деп хабарлайды синоптик.
Алматы бойынша 2026 жылғы 24-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы:
24 қаңтар: көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде –10-12°С, күндіз –2-4°С.
25 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде –8-10°С, күндіз 0…–2°С.
26 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде –5-7°С, күндіз 0…+2°С.
27 қаңтар: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын. Кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде –5-7°С, күндіз 0…+2°С.
28 қаңтар: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде –4-6°С, күндіз –1-3°С.
29 қаңтар: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел батыстан 3-8 м/с. Түнде –7-9°С, күндіз –3-5°С.
30 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде –10-12°С, күндіз –5–7°С.