"Жаңбыр, қар, боран". Еліміз бойынша 10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 10 наурыз, Қазақстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2026 16:23 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2026 жылдың 10 наурызына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады деп күтіледі, солтүстікте және солтүстік-батыста қалың қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады". Қазгидромет

Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, боран, көктайғақ және тұман жатқызылады.

Түркістан облысының тау асуларында, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 30 м/с дейін және одан да жоғары болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: