"Қалың қар жауып, қатты жел соғады". Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қар, ауа райы болжамы, 15 желтоқсан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2025 16:42 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 15 желтоқсанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: негізінен қар түрінде жауын-шашын болады, делінген "Қазгидромет" болжамында.

Солтүстікте, түнде және таңертең еліміздің орталығында қалың қар жауады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыста, түнде оңтүстікте, күндіз республикамыздың шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады және боран соғып, жел екпін алады деп болжанады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында және Ұлытау облысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықпен қатты жел соғады деп күтіледі.

Бұған дейін Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын. Оған сәйкес, қалада қайта қар жауып, күн суытатыны болжанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: