Боран мен қатты аяз: синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райына болжам ұсынды

Боран мен қатты аяз: синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райына болжам ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2026 16:20 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 19 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасынмен бірге боран соғады.

Қазақстанның қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанып отыр.

Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында қатты аяз -40°C сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C дейін төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында -22°C қатты аяз.

Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде өте қатты аяз -45°C дейін сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: