Алматыда +27°С-қа дейін ыстық болады, Астанада жаңбыр мен найзағай, Шымкентте – жазғы ауа райы

Набережная реки Есентай, Весновка, река Есентай, весна в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 16:56 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" мамандары 2026 жылғы 4–6 сәуір аралығында елдің үш ірі қаласына ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы күндері Алматыда күн жылынып, +27°С-қа дейін жетеді. Астанада жаңбыр мен найзағай күтілсе, Шымкентте жазға тән ауа райы орнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ауа райы

  • 4 сәуір: Аспан ала бұлтты. Күннің соңына қарай жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел: оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с. Температура: түнде +5…+7°С, күндіз +17…+19°С.
  • 5 сәуір: Аспан ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады. Жел: солтүстік-батыстан 9–14 м/с, кейде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Температура: түнде +5…+7°С, күндіз +12…+14°С.
  • 6 сәуір: Аспан ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел: шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта 3–8 м/с. Температура: түнде +1…+3°С, күндіз +15…+17°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы

  • 4 сәуір: Аспан ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел: батыстан 3–8 м/с. Температура: түнде +12…+14°С, күндіз +25…+27°С.
  • 5 сәуір: Аспан ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел: батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Температура: түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.
  • 6 сәуір: Аспан ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел: батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Температура: түнде +13…+15°С, күндіз +24…+26°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы

  • 4 сәуір: Аспан ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел (дауыл) күтіледі. Жел: солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +12…+14°С, күндіз +19…+21°С.
  • 5 сәуір: Аспан ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай болады. Жел: оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +10…+12°С, күндіз +20…+22°С.
  • 6 сәуір: Аспан ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай болады. Жел: оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +11…+13°С, күндіз +27…+29°С.

Бұған дейін Қазақстан бойынша 2026 жылғы 4–6 сәуірге арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: