Қазақстан бойынша ауа райы күрт өзгереді: 4–6 сәуірге болжам

Парк имени 28 гвардейцев-панфиловцев, Дом офицеров, Музей музыкальных инструментов имени Ыкыласа, Алматы, весна в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 13:39 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктерінің 2026 жылғы 4–6 сәуірге арналған үш күндік болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша кейбір өңірлерде найзағайлы жаңбыр күтіледі:

  •  4 сәуір – солтүстік-батыста;
  •  5–6 сәуір – батыста;
  •  5 сәуір – оңтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағы бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болуы ықтимал, ал күндіз кей жерлерде град және дауыл желі күтіледі.

Ел бойынша күндізгі температурада сәл өзгерістер болады:

  •  батыста: +15…+25°С-тен +10…+20°С-қа дейін төмендейді;
  •  солтүстікте: +11…+20°С-тен +15…+20°С-қа дейін көтеріледі;
  •  шығыста: +15…+23°С-тен +20…+28°С-қа дейін ауытқиды.

Қалған аумақтарда күрт өзгерістер күтілмейді.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарлағанымыздай, 4 сәуірден кейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларына салқынырақ ауа райы келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: