Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: мегаполистердегі жағдай қандай

Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, лето в Алматы, весна в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 14:35 Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 27–29 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мәліметке сәйкес, Астанада түнде -4°С-қа дейін аяз күтілсе, Алматыда ауа температурасы +24°С-қа дейін көтеріледі, ал Шымкентте жазға тән жылы күндер болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша:

27 наурыз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыс бағыттан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз +9…+11°С.

28 наурыз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Көктайғақ сақталады. Жел шығыс бағытта 3–8 м/с. Түнде 0…+2°С, күндіз +12…+14°С.

29 наурыз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 5–10 м/с. Түнде 0…+2°С, күндіз +12…+14°С.

Алматы қаласы бойынша:

27 наурыз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, 3–8 м/с. Түнде +6…+8°С, күндіз +22…+24°С.

28–29 наурыз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +21…+23°С.

Шымкент қаласы бойынша:

27 наурыз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағытта 5–10 м/с. Түнде +9…+11°С, күндіз +26…+28°С.

28 наурыз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с. Түнде +13…+15°С, күндіз +26…+28°С.

29 наурыз – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с. Түнде +13…+15°С, күндіз +22…+24°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда ауа температурасы +30°С-қа дейін күрт жылынуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: