Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алматы, гостиница Казахстан, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 14:57 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылдың 14, 15 және 16 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Астанада -11°C-қа дейін аяз күтілсе, Алматыда +14°C жылылық қайта оралады, ал Шымкентте көктемнің лебі сезілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана бойынша болжам 🔹 14 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік бағыттағы жел 3-8 м/с. Түнде -9...-11°C, күндіз 0...+2°C. 🔹 15 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 3-8 м/с. Түнде -3...-5°C, күндіз 0...+2°C. 🔹 16 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 3-8 м/с. Түнде -1...-3°C, күндіз +3...+5°C.

Алматы бойынша болжам 🔹 14 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Түнде +1...+3°C, күндіз +10...+12°C. 🔹 15 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс желі 3-8 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +10...+12°C. 🔹 16 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс желі 3-8 м/с. Түнде +1...+3°C, күндіз +12...+14°C.

Шымкент бойынша болжам 🔹 14 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Түнде +2...+4°C, күндіз +17...+19°C. 🔹 15-16 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 8-13 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +17...+19°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға жақындап келе жатқан дауыл туралы ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: