Түркістан облысында бір жасар бала дәретхана шұңқырына түсіп кетті
Сурет: pixabay
2022 жылдың 12 мамырында «112» қызметіне Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2021 жылғы туылған бала құлап кеткені туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды.
Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.
ТЖД ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript