Жаңалықтар тізбегі
0

Тиімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілер бонустарға ие болады

newtimes.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2018 15:36 newtimes.kz
Мемлекеттік қызметшілердің тиімділік нәтижесі бойынша оларға жыл соңында 4 есе немесе одан жоғары көлемдегі еңбекақы мөлшерінде бонус төленеді.

Тиімділік нәтижесі жоғары болған жағдайда мемлекеттік қызметшілер жылдық еңбекақы мөлшерінде бонусқа ие бола алады. Бұл туралы Ақмола облысындағы мемлекеттік органдардың басшыларымен кездескен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың және аудандардың мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен кездесу барысында Саян Ахметжанов қатысушыларды мемлекеттік қызметшілерге факторлы-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеу жүйесінің бастапқы қорытындыларымен таныстырды. Жалпы бұл жүйе мемлекеттік қызметтің тартымдылығының және бәсекеге қабілеттілігінің, қаржылық мотивацияның артуына, сонымен қатар мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз септігін тигізіп үлгерді. Естеріңізге сала кетейік, жаңа еңбекақы жүйесін сынау агенттікте, Әділет министрлігінде, Астана қаласы мен Маңғыстау облысы әкімдіктерінде жүзеге асырылуда. «Мемлекеттік органдардың ішкі қоры есебінен мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының екі есеге артуы және орталық пен өңірлердегі еңбекақы мөлшерлері арасындағы үйлеспеушіліктің қысқаруы жағымды мысалдардың бірі. Осылай, өңірлердегі қатардағы қызметкер мен орталықтағы қатардағы қызметкердің жалақысы шамамен бірдей болады. Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда: бір орынға бүгінде алты адам үміттенеді, ал кейбір жағдайларда тіпті 60 адамға жетеді» - деп Саян Ахметжанов мәлімдеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тиімділік нәтижесі бойынша оларға жыл соңында 4 есе немесе одан жоғары көлемдегі еңбекақы мөлшерінде бонус төленеді. Тиімділік нәтижесі жоғары болған жағдайда олар жылдық еңбекақы мөлшерінде бонусқа ие бола алады.

Жаңа жүйенің енгізілуі агенттіктің штаттық құрамы мен ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыруға өз септігін тигізді. Мемлекеттік сатып алу және заңнамалық қызмет орталықтандырылды, құжат айналымының бизнес-үдерістері оңтайландырылды. Оңтайландыру есебінен орындаушылардың жалақысы қосымша артты.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» ұстанымын алға тарта отыра, агенттік бүгінгі таңда мемлекеттік аппараттағы оңтайландыру үрдістерінің қозғаушы күші болып табылады.

«Мысалы, егер бір барлық мемлекеттік органдардың кадрлық үрдістерін орталықтандырсақ, болжам бойынша оңтайландыру шамамен 4 600 бірлікті қамтып, жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді» - деп атап өтті аппарат басшысы.

Оған қоса Саян Ахметжанов мемлекеттік қызметшілерді оқытудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар ол кәсіби мемлекеттік аппараттың қазақстандық мемлекеттік қызметті дамудың жаңа жолына түсіретін адал, жасампаз, тиімді және шығармашылық мотивацияланған мемлекеттік қызметшілердің мықты командасы екенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: