Теміртауда дәмханаға келген адамды пышақтап кеткен

www.inform.kz www.inform.kz
Ер адам сол жерде қаза тапқан.

Теміртауда дәмханада қаза тапқан ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД-нің мәлім етуінше, 22 қыркүйекте Теміртау қалалық ІІБ полициясының Шығыс бөліміне Республика даңғылында орналасқан дәмханада 49 жастағы ер адамды белгісіз біреулер пышақтап кеткені хабарланған.

Ер адам сол жерде қаза тапқан.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнынан пышақты тапты. Теміртау қалалық ІІБ жеке құрамы толығымен тартылып, жақын маңдағы тұрғындардан жауап алынды», - деп түсіндірді ведомствода.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын күдікті ретінде ұстаған.

Ол өз кінәсін толықтай мойындап, зардап шегушімен жанжал кезінде пышақтағанын айтқан. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз