Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өтетін ел анықталды

Хабар 24 Хабар 24
Қарт құрлықтың басты додасы Германияда өтетін болды.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өтетін елді анықтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қарт құрлықтың басты додасы Германияда өтетін болды.

Жарыс өтетін ел Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА атқарушы комитетінің кезекті отырысында белгілі болды. Дүбірлі доп додасын өткізуге Германия мен Түркия үмітті болған.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты әдеттегідей бір елде өтеді. Тек тәжірибе ретінде қабылданған 2020 жылғы Еуродода ғана 12 елде ұйымдастырылады.

2024 жылғы Еуропа чемпионатын Германия 12 қалада өткізуді жоспарлаған. Берлин, Кёльн, Дортмундт, Дюссельдорф, Франкфурт, Гельзенкирхен, Гамбург, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарт қалаларындағы стадиондарда ойындар болады.

Айта кетейік, Германияның футболдан ірі жарыстарда ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар. Соңғы рет неміс жерінде 2006 жылы әлем чемпионаты өткен болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз