Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбедегі теракт туралы деректі фильм ТМД елдерінің фестиваліне қатысуда

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 20:50 www.inform.kz
«Еуразия.DOC» атты үшінші ТМД елдерінің деректі кино фестивалі Минск қаласында 1-4 қазан аралығында өтіп жатыр.

Минск қаласында өтіп жатқан «Еуразия.DOC» атты үшінші ТМД елдерінің деректі кинолары фестивалінде қазақстандық режиссер Әсия Байғожинаның «Сенім жолында» деректі фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Фильмде қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі - дін жолындағы адасушылық туралы баяндалады.

«Негізгі эпизод - дүйім елді дүрліктірген, бірнеше адамдардың өмірін қиып, 40-қа жуық жергілікті тұрғындарды жаралаған қанды оқиға - 2016 жылы 5 маусымда Ақтөбедегі теракт. Бұл фильм мұрағат материалдарына, лаңкестердің шабуылынан аман қалған жандардың, дәстүрлі емес ислам ағымын ұстаушылардың жақындарының естеліктеріне негізделген», - делінген хабарламада.

«Еуразия.DOC» атты үшінші ТМД елдерінің деректі кино фестивалі Минск қаласында 1-4 қазан аралығында өтіп жатыр.

Айта кетерлігі, фестивальдің іріктеу комиссиясы ТМД елдерінің қоғамдық-саяси өміріне тікелей немесе жанама қатысты оқиғаларды қозғап, авторлық талдау жасалған фильмдерді қабылдайды.

Биыл фестивальға қатысуға 23 елден 150 фильм үміт білдірген. Оның ішінен негізгі байқауға 12 елдің 24 деректі фильмі іріктелінді. Нәтижесінде, байқауға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Эстония елдерінің танымал және жас буын кинодокументалистердің фильмдері қатысады. Фестивальдің жеңіпмаздарын танымал киногерлер, саясаткер мен журналистерден құралған халықаралық қазылар алқасы анықтайтын болады.

Әсия Байғожина - кинодраматург, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі. 1987 жылы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғары курсын бітірген. 1991 жылы Әсия Байғожина өзінің алғашқы режиссерлік жұмысы -Желтоқсан оқиғасына арналған «Жарияланбаған шерудің хроникасы» атты деректі фильмі жарық көреді.

Еске сала кетсек, «Сенім жолында» деректі фильмін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ҚР Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен түсірген.

Айта кетейік, Ақтөбеде теракт 2016 жылы 5 маусымда болды. Террористердің тобы «Паллада» және «Пантера» атты қару-жарақ дүкендері мен №6655 әскери бөліміне қарақшылық шабуыл жасап, соның салдарынан 8 адам мерт болды. Олардың 3-уі әскери қызметкерлер. Терроризмге қарсы бағытталған операция барысында 18 адамның көзі жойылып, 9 адам құрықталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: