Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 10 мың бала мектепке бармайды - министр

Бүгінде 147 мыңнан астам балада ерекше білім беру қажеттіліктері бар.

Сурет : www.inform.kz9 Қазан 2018, 11:51

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова инклюзивті білім беру саласын жақсарту жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 147 мыңнан астам балада ерекше білім беру қажеттіліктері бар. Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың 30%, орта білім беретін ұйымдардың 70% сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 40%-інде инклюзивті білім беру жағдайларын жасау жоспарға алынған», - деп атап өтті министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, балабақшалардың 15%-інде және мектептердің 55%-інде инклюзивті білім беру жағдайлары жасалған, оларда ерекше білім беруді қажет ететін 40 мыңнан астам бала оқып, тәрбиеленіп жатыр.

«Сонымен қатар, арнайы баяндамашы Каталина Девандас Агилар жалпы білім беретін мектептерге бекітілген 10 000 мүгедек бала іс жүзінде үйде оқитынын және мектепке мүлдем бармайтынын атап өтті», - дейді министр.

Осыған байланысты, министр Әбілқасымова Білім және ғылым министрлігіне инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында кадрлардың жетіспеушілігі, инклюзивті білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету, кедергісіз орта құру шеңберінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер