Жаңалықтар тізбегі
0

Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші келіншегін еске салатындарға жауап берді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2018 18:45 Stan.kz
Санжардың суреті желіге жүктелген күннен бастап, Өмірғалидың инста-аккаунты пікір жазушылардың ашық алаңына айналған.

Айқынға тұрмысқа шыққанын жасырған Жұлдыз тамыз айында ғана шындықты айтқан еді. Бүгінде ел аузынан түспейтін жұлдызды жұп осыдан 1,5 жыл бұрын бірге тұра бастаған. Айқын мен Жұлдыз елден жасырған құпияларын ұлдары Санжардың тойында жария етті. Бұл идеяның Айқынға тиесілі екенін Жұлдыз НТК арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Оның авторы Айқын. Сол бастапқыдан бастап айтты. Осылай болады. Осы күні айтамыз деп. Солай болды”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Санжардың суреті желіге жүктелген күннен бастап, Өмірғалидың инста-аккаунты пікір жазушылардың ашық алаңына айналған. Оқырмандардың бір тобы жұлдызды жұпқа бақыт тілесе, кейбірі балағаттап жатыр.

“Бақыт тілеп жатқандары да бар, қарғап жатқандары да бар. Пікірсіз қалмаған адам жоқ шығар Қазақстанда. 50-50 десе болады. Бірақ өзім үшін жақсы пікірлерді ғана аламын. Рахметімді айтамын бақыт тілеп жатқан адамдарға”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Сондай-ақ, желідегілер Айқынның алғашқы отбасын бикештің есіне жиі салады.

“Қорықпайсың ба, көз жасқа қалу деген бар. Білмеймін бұл өмір. Өмірде әр қалай болады. Көз жасқа қалсақ, бәріміз көз жасқа қалып. Менің көз жасыма қалған адамдардың барлығы қырылып қалмай ма ондай болса”, – дейді Өмірғали.

Оқырмандарының отты сөздері Жұлдыздың жүйкесіне әбден тисе керек. Жас ана бұдан былай жанұясы жайлы естеліктерді желіге салуды тіпті сиретпек.

“Қазіргі таңда қандай жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Соны ғана айттық. Ал, күнделікті жүктеуге тырыспаймын да, көрсеткім де келмейді. Біз біргеміз болды”, – дейді Айқынның келіншегі.

Ал, Айқын мен Жұлдыздың ендігі мақсаты – шығармашылықтағы тың жаңалықтарымен жұртты қуанту.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: