LRT-мен кім бірінші болып жүреді – Скляр жауап берді

LRT-мен кім бірінші болып жүреді – Скляр жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2025 19:50 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр LRT-мен кім бірінші болып жүретінін болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған бұл сұрақ 2025 жылғы 17 маусымда "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитінің кулуарында қойылды.

"Бұл сұраққа, бәлкім, Жеңіс Махмұдұлы жауап берер. Менің ойымша, бірінші болып сол мінетін сияқты", - деді ол.

Скляр LRT-мен қатынау туралы сұраққа "Мүмкін, иә. Бұл мен үшін қызық" деп жауап берді.

Сондай-ақ журналистер одан "Сіз алғашқы жолаушылар қатарында болуыңыз мүмкін бе, жоқ па?" деп сұрады.

"Мені бірінші боп мінгізбейтін шығар. Әрине, Жеңіс Махмұдұлының өзі бірінші болып отырады", - деді ол.

2025 жылғы 11 маусымда Астанада алғашқы LRT вагондары рельске қойылған болатын.

9 маусымда City Transportation Systems компаниясы Қазақстанға жаңадан жеткізілген жеңіл рельсті көліктің жылжымалы құрамын жұртқа көрсетті. Сол күні Астана әкімі Жеңіс Қасымбек барлық құрам жаздың соңына дейін орнатылады деп мәлімдеген. Ал техникалық іске қосу қыркүйек айына жоспарланған.

Айта кетейік, осы арада Түркияда "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: