Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Скляр – Премьер-министрдің бірінші орынбасары

Роман Скляр Сурет: primeminister.kz
Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989–1990 жж. «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

1990 ж. бастап «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.

1990–1999 жж. «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды. 

1999–2002 жж. «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.

2002–2003 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

2003–2005 жж. Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

2005ж. қантардан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005 ж. сәуірден бастап Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.  

2006 ж. бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006–2007 жж. Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2007–2008 жж. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008–2010 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010–2011 жж. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011–2013 жж. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014–2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.  

2016 ж. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 ж. мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016–2019 жж. — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 5 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: