Роман Скляр премьер-министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды

Роман Скляр премьер-министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақордада жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды",- делінген хабарламада.
Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
- Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.
- 1989–1990 жж. «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.
- 1990 ж. бастап «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.
- 1990–1999 жж. «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.
- 1999–2002 жж. «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.
- 2002–2003 жж. ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.
- 2003–2005 жж. Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.
- 2005ж. қантардан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
- 2005 ж. сәуірден бастап Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.
- 2006 ж. бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
- 2006–2007 жж. Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.
- 2007–2008 жж. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
- 2008–2010 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
- 2010–2011 жж. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
- 2011–2013 жж. ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі.
- 2014–2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.
- 2016 ж. ҚР Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
- 2016 ж. мамырдан бастап ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.
- 2016–2019 жж. — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.
- 2019 жылғы ақпаннан бастап ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
- 2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
- 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript