Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Скляр – Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден келген шығын – 30 миллиард теңге

Алматы, қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 11:41 Сурет: Zakon.kz
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде келтірілген шығынның жалпы көлемін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің сегіз өңірінде – Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 42 мемлекеттік мекеме зақымданған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен – 30 млрд теңге. Оның ішінде 28 млрд теңге республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге жұмсалды.Роман Скляр

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының сөзінше барлық нысан техникалық жағынан тексерілген. Нәтижесінде 28 ғимаратт жөндеп, сонымен бірге 14-інде күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмысын жүргізу қажет екенін айтты.

Бүгінде 21 нысанда жөндеу жұмысы аяқталды. Наурыз айының соңына дейін бес ғимаратқа, қалған екі нысанға биыл мамыр және маусым айларында жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар күрделі жөндеуді және қайта құруды қажет ететін 14 мемлекеттік нысан бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Роман Скляр
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: