100 миллиард теңге жеңілдетілген автокөлік несиелеріне аударылады - Роман Скляр
Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар24» телеарнасында автокөлікке несие берудің жаңа бағдарламасы жайында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Жасыл Даму» шотындағы 200 миллиард теңгеден астам қаражатты халық игілігіне жарату керек. Біз мұны қалай шештік? 100 млрд теңге отандық автокөліктерді сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиеге аударылады - жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен, нөлдік бастапқы жарнамен және жеті жыл мерзімге беріледі. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр
Салыстыру үшін: қазіргі жеңілдетілген бағдарламада 20% бастапқы жарна және жеті жыл мерзімге жылдық 4% мөлшерлемемен беріледі.
Автобус паркін жаңартуға 30 миллиард теңге бөлеміз – бірақ қиындықтар бар, өйткені тасымалдаушыларға белгілі бір пайыздық мөлшерлемемен автобус сатып алу тиімсіз. Сондықтан бұл автобустарды біздің тасымалдаушыларға жеті жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен сату туралы шешім қабылданды.Роман Скляр
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript