Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте қалпына келтіру жұмыстары мәселелері бойынша кеңес өтті

Үкіметтік комиссия отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2022 21:11 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залалдарды жою мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Өңірлердің әкімдіктерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен орын алған тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залалды өтеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев және Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары егжей-тегжейлі баяндама жасады.

Сегіз өңірде 270 нысан, оның ішінде 45 әкімшілік және 225 коммерциялық ғимарат зардап шекті. 44 әкімшілік нысанды қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды, ал Шымкент және Алматы қалаларында 12 коммерциялық нысан бойынша жұмыстар аяқталды.

Бұдан басқа, комиссия отырысында Үкімет резерві қаражаты есебінен шағын және орта бизнес өкілдеріне келтірілген залалды өтеу механизмі бекітілді.

Бекітілген механизмге сәйкес кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлік объектілері бойынша залал расталған сметалық құжаттама негізінде өтелетін болады. Бұл ретте жоғалған тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу көлемін өңірлік комиссиялар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, растайтын фискалдық құжаттарды негізге ала отырып айқындайтын болады.

Роман Скляр зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру және тексеруді аяқтау бойынша жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету туралы тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: