Ерұлан Жамаубаев ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

ҚР Қаржы министрі, президент, жарлық, тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 16:00 Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылсын» – делінген Жарлық мәтінінде.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Білімі:

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

Еңбек өтілі:

  • 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.

  • 1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

  • 2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.

  • 2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.

  • 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

  • 2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.

  • 2019 жылғы наурыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы.

  • ҚР Қаржы министрі (18.05.2020, 18.01.2021, 11.01.2022 қайта тағайындалды)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: