Скляр Қытай парламентінің төрағасымен кездесті

Скляр Қытай парламентінің төрағасымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2026 17:30 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хайнань провинциясының Боао қаласында Боао Азия форумының 25-ші жыл сайынғы сессиясына қатысу аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қытай Халық Республикасының Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуі өтті.

Р.Скляр ҚХР БХӨЖ ТК төрағасын "екі сессияның" табысты өтуімен және Қытайдың 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының қабылдануымен құттықтады.

2026 жылғы 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары туралы ақпарат беріп, оның Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар саласындағы нәтижелі ынтымақтастықты, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестіктің серпінді дамуын, инвестициялар, көлік және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды атап көрсетті.

Чжао Лэцзи қытай тарапы Қазақстанмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары сенімге негізделген қатынастарына ерекше мән беретінін баса айтты.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың елдің одан әрі өркендеуіне бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.

Тараптар сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және "Орталық Азия – Қытай" сияқты көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: