Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Баламды алдырып тастағым келді: Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы жайлы эксклюзивті сұхбат берді

Екі қызды қатарынан дүниеге әкелген Жұлдыз, үшінші баласын алдырып тастамақшы болған.

Сурет : sn.kz15 Қазан 2018, 14:06

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет отбасы жайлы ашық сұхбат берді, деп жазады Sn.kz.

Айтуынша, бұл жылдар ішінде қиындықтар да бақытты күндері де аз болмапты. Екі қызды қатарынан дүниеге әкелген Жұлдыз, үшінші баласын алдырып тастамақшы болған.

«Екінші баламды УЗИ-де қыз дегенде қаламадым. Көңілім түсіп «тағы да қыз туамын ба?» деп жыладым. Не керек дүниеге алып келдім. Ол апасының қызы болды. Ал бірінші қызымыз атасының қызы. Кейіннен үшінші рет көтергенде дәрігерлер тағы қызды болатынымды айтты. Бірақ мен оны қаламадым. Алдырып тастағым келді. Қайраттың жүрегі ауырды, ата-анам да қарсы болды. Дәрігерлер де баланың қыз екенін айтқан. Бірақ Қайрат «ұл болатынына сенімдімін» деп түсік жасатпай қойды. Сөйтіп ай-күнім жетіп босандым. Тоғыз ай бойы қыз деп күтіп келген мен ұл бала екенін білгенімде бақыттан еңіреп жыладым. Өйткені маған дәрігерлерге дейін қыз деп айтқан еді», – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова Тengrinews.kz интернет-порталындағы «The Эфир»жобасына берген сұхбатында.

Бұдан басқа Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуін еш уақытта қызғанбайтынын, керісінше өнер адамы болған соң оған түсіністікпен қарайтынын айтты. Сондай-ақ, Қайраттың бір айдың ішінде 7 күн ғана үйде қонатынын жасырмады. Мұндай кездерде оған қайын інілері көп көмектескен екен. Айтуынша, соңғы уақытта ол тележүргізуші болып, экранға шыққалы бері Қайрат көп қызғанатынды шығарыпты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер