Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Боранбаев "Қайраттың" жаңа бапкерін таныстырды

Команданың бас жаттықтырушысы болып неміс маманы тағайындалды.

Сурет : Baq.kz15 Қазан 2018, 17:43

«Қайрат» ФК-ның қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алматылық команданың бас жаттықтырушысы болып неміс маманы тағайындалғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Біз бүгін Германия ұлттық құрамасы жаттықтырушысының кеңесшісімен келісімшарт жасастық. Ол Германия құрамасымен 19 жыл жұмыс істеген. Бұл маман академияның командасына кеңес беретін болады. Менің ойымша, неміс футболы біздікіне ұқсас. Ол айтарлықтай зор болмағанымен, нәтижелі. Егер Феррер бірінші орын алғанда оны қалдырар едік. Қазіргі жағдайға тек бір адам ғана кінәлі деп айтуға келмейді. Біз жаңа жаттықтырушының үміткерін анықтап қойдық. «Қайратты» неміс маманы жаттықтырады. Ол команданы осы чемпионаттың аяғына дейін басқарады. Андрей Карпович «Қайраттың» жаттықтырушысы міндетін уақытша атқаратын болады. Оның жұмыс істеуге деген ынтасы зор әрі тәжірибесі де аз емес. Карповичтің алдында Қазақстан Кубогын ұту міндеті тұр», -деді Боранбаев.

Еске салайық, бүгін алматылық «Қайрат» командасы бас жаттықтырушы Карлос Феррер жұмыстан босатылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер