Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды
Өскемен қаласының әкімі болып Жақсылық Омар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды.
Бұған дейін ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Омар Жақсылық Мұқашұлы 28 қыркүйек 1980 жылы дүниеге келген.
Саяси қайраткер, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімінің орынбасары (2016-2018), Өскемен қаласының әкімі (2018 жылдың тамыздан).
Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті.
Еңбек өтілі:
2001-2005 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы.
2007-2009 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы.
2007-2009 - "Қазақстан" РТРК" АҚ "Астана" ТРК дирекциясы директорының орынбасары, "Арнамедиа" Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері.
2009-2010 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.
2010-2011 - Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
2011-2013 - Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы.
2013-2016 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2016-2018 - Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2018 жылдың тамыздан - Өскемен қаласының әкімі.
Марапаттар
"Құрмет" ордені
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі
"Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі
"Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін"