Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
"Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды", – делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында "Теңізмұнайкомплект" ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарды.
"РАМАКО" ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары, "Казстройсервис ЛТД" ЖШС-да директор, Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі, Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі, Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Мақат ауданының әкімі сынды қызметтер атқарған.
Осы жылдың наурыз айынан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы болды.