Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды

zakon.kz zakon.kz
Жәбірленушімен татуласуына байланысты жауапкершіліктен босатылды.

Алматыда сот жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмалы аудандық сотында Түркия азаматы Әли Демирге қатысты сот процесі болды. Жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды.

«Сот ҚР ҚК 293-бабы бойынша жауапқа тартылған Әли Демирді ҚР ҚК 68-бабының 1-бөлімімен жәбірленушімен татуласуына байланысты жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылданды. Тәртіп бұзу бойынша қозғалған өндірістік іс тоқтатылсын», - деді судья Қайрат Иманқұлов.

Еске салайық, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын. Көп ұзамай полицейлер 1990 жылы туған түркиялық азаматты анықтап, уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізді. Кейін Әли Демир кепілмен босатылды. Сондай-ақ, жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз