Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік кепілмен босатылды

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2018 16:01 sn.kz
Ол тұтқындалғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алматыда жедел жәрдем дәрігерін соққыға жыққан Түркия азаматы кепілмен босатылды деп хабарлайды Sn.kz.

Жедел жәрдем жүргізушісіне жұдырық жұмсаған ер адамға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол тұтқындалғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алайда тергеуші күдіктінің қамауға алынуына қол жеткізе алмады.

«Бүгін ол сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде бұлтартпау шаралары тағайындалуы үшін Алмалы аудандық прокуратурасына тапсырылды. Айта кетсек, істің өндірісін жүргізіп жатқан тергеуші прокурорға қамауға алу туралы өтініш берді. Алайда аудандық прокурор тергеушінің өтінішхатын қолдаудан бас тартып, осыған байланысты күдіктіге қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – дейді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының басшысы Рустам Әбідрахманов.

Ведомство мәліметінше, тергеу басқармасы күдіктіні қамауға алудан бас тартқан аудандық прокурордың шешіміне қарсылық танытпақ.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған еді. Артынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: