Қызылордада 3-сынып оқушысын зорлаған қылмыскерге сот шешім шығарды

www.inform.kz www.inform.kz
Биыл Қызылорда облысында осыған ұқсас оқиғалар болды.

Қызылордада 3 сынып оқушысын зорлап, оны қорғауға ұмтылған анасын өлтірген азамат мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен азамат Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5, 10-тармақтарымен, 120-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен, 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабының 4-бөлігімен айыпты деп танылды.

«Ж. қылмыстық іс-әрекетін ессіз күйде жасаған. Сондықтан ол қылмыстық жауаптылықтан босатыллып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емделуге жіберілді», - деді Қызылорда облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқарушы Думан Алиев.

Сот отырысы жабық өткен. Естеріңізге сала кетелік, шілде айында Қызылорда қаласындағы саяжайлардың бірінде 3 сынып оқитын қызды зорлап, оны қорғауға ұмтылған анасын өлтіріп кеткен күдікті ұсталған болатын.

Сондай-ақ, биыл Қызылорда облысында осыған ұқсас оқиғалар болды.

Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде 18 шілдеде сол елді мекенде тұратын жігіт 12 жастағы қыз баланы зорлап, артынан оны өлтірген болатын.

Ал қазан айының басында Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде жасөспірім қызға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасады деген күдікпен Қызылорда қаласының тұрғыны қолға түсті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз