Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Baq.kz Baq.kz
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 18 қазанында Қаржы министрі Смайылов Әлихан Асханұлы Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымына жаңа төрағаны таныстырды. Комитеттің төрағасы болып Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев тағайындалды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Марат Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі – экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы қаласында салық органдары жүйесінен бастап, әр түрлі лауазымдарда ұзақ уақыт қызмет еткен. Кейінірек, Қаржы министрлігінде департамент директоры, одан соң - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, өткен жылы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз