Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2021 15:00 primeminister.kz
Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Тұран университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының м. а. қызметінен бастаған.

2001-2009 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2009-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.

2010 жылы – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы.

2010-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметтер атқарған.

2015-2017 жылдары – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2017-2019 жылдары – Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары – ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2020-2021 жылдары – ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: