Жаңалықтар тізбегі
0

Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Сауда және интеграция министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2019 17:32 ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Азамат Ахметов 1974 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Ахметов Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Ахметов 1974 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруалығы институтын "Ауыл шаруашылығы экономисті-ұйымдастырушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті "Заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласында "Перизат және К" өндірістік кәсіпорнының директоры қызметінен бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген. ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік бақылауы комитетінде қызмет атқарған.

Қаржы министрлігінің құрылымында 2007 жылдан жұмыс істеп келеді.

2007–2008 жж. — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары.

2008 ж. — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығы.

2008–2014 жж. — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының басшысы.

2014–2017 жж. — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017 ж. — ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасының орынбасары.

2017 - 2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасы лауазымында болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: