Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

inform.kz inform.kz
Салмақ өлшеу рәсімінде Елеусінов - 148 фунтты, ал қарсыласы - 146,8 фунтты көрсетті.

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (3-0? 1 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салмақ өлшеу рәсімінде Елеусінов - 148 фунтты, ал қарсыласы - 146,8 фунтты көрсетті. Еске сала кетейік, Елеусінов Астана уақытымен шамамен ертең таңертең АҚШ-та екінші айқасын өткізеді. Ол Бостонда (Массачусетс штаты) жергілікті спортшы Мэтт Доэртимен (8-5-1, 4 КО) кездеседі.

"Жанкүйерлер мен әдемі бокс көрсететінім үшін маған жанкүйерлік етулері тиіс деп ойлаймын. Әдемі бокс жанкүйерлеріне - мархабат!", - деді Елеусінов.

Айта кетейік, 27 жастағы Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын. Бұдан кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз