Тікелей эфирде студияны сыпыра жөнелген Аша Матай елді таңғалдырды
stan.kz
Студияда отырған қатысушылар Ашаның әрекетіне таңғалып, қошемет көрсетті.
Аша Матай жанкүйерлерін тағы бір қырымен таңғалдырды. Тележүргізуші атышулы “Қалаулым” бағдарламасының эфирі кезінде студияны сыпырып кетті. Мұны көрген шоу қатысушылары да, көрермендер де таңданыстарын жасыра алмады, деп жазады Stan.kz.
“Шашты ешқашан бастыртпаймын. Кімнің шашы болса да, студиямның қашан да таза болғанын қалаймын. Әңгімелеріңізді айта беріңіздер, мен сыпырып аламын”, – дейді Аша екі жастың әңгімесі кезінде.
Студияда отырған қатысушылар Ашаның әрекетіне таңғалып, қошемет көрсетті. Алайда Аша онда тұрған ештеңе жоқ екенін айтты. Бүгінде ата-енесімен бір шаңырақ астында тұрып жатқан ол бөлме сыпыру күнделікті ісі екенін айтып қалды.
“Күнде жасап жүрген ісіміз ғой, таңғалатын ештеңе жоқ”, – дейді Аша.
Алайда көрермендердің бір тобы Ашаның кішіпейілділігіне тәнті болса, екіншілері жасанды деп айыптады.
“Аша мықты жүргізуші, даусы да, өзі де, мінезі де әдемі, бірақ көрсетілім кезде олай сыпырып жүргені өз-өзін көрсету, өзіне назар аударту деп ойлаймын. Сіз онсыз да “Қалаулымның” көзайымысыз Аша ханым!” – дейді Ділназ Сұлтан есімді көрермен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript