Жыныстық қатынас үшін: Әйелі күйеуін улап, жарып, суға батырып, ақырында атып өлтірген

stan.kz stan.kz
Хэйли 2016 жылдың қараша айында Рэймондқа тұрмысқа шыққан.

Англияның Мейдстон қалалық сотында өз күйеуін өлтірген Хэйли Везеролдың ісіне қатысты сот тыңдалымы өтті. Әйел 9 ай бойы күйеуінің өміріне қастандық жасап келген. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ұлыбританиялық әйел қатерлі ісікке шалдыққан 49 жастағы күйеуі Рэймондты өлтіру үшін түрлі әрекетке барған. Ер адам 2017 жылдың жазынан 2018 жылдың көктеміне дейін қатерлі дертпен күресіп келген.

32 жастағы Хэйли көңілдесі әрі күйеуінің жақын досы Гленн Поллард және оның 20 жастағы қызымен келісіп алып, өз күйеуін өлтіруге әрекет жасаған.

Олар 9 ай бойы Рэймондты улап, көлігін жарып жіберіп және балық аулау кезінде суға батырып өлтірмек болған. Ал Реймонд бұл жағдайлардың бәрін сәтсіздікке балапты.

Полиция қызметкерлері Хэйли Везеролдың браузерінің тарихынан «тыныш өлтіру әдістері», «адам өлтірудің креативті әдістері, «әлдекімді өлтіріп, ұсталып қалмаудың 16 жолы» деген сауалдарды тапқан.

Нәтижесінде Рэймонд басына оқ тиіп көз жұмды. Полицейлер оқиға орнына жақын маңнан Хизер Поллардтың көлгін тауыпты.

Прокурор Саймон Тейлордың сөзінше, Хэйлидің күйеуін өлтіруіне көңілдесімен арадағы жыныстық қатынас себеп болған. Гленн Поллардтың қызы әкесін жақсы көргендіктен, қылмыскерлерге көмектескен. Десе де айыпталушылардың үшеуі де аталған қылмысқа қатысты барын жоққа шығарып отыр. Қазіргі уақытта сот тыңдалымы жалғасуда.

Хэйли 2016 жылдың қараша айында Рэймондқа тұрмысқа шыққан. Олардың үш баласы бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз